Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Елорда атауы ауысқанымен құжаттар өзгертілмейді - Әділет министрлігі

Елорда атауы ауысқанымен құжаттар өзгертілмейді - Әділет министрлігі

Елорда атауының өзгеруіне байланысты қолданыстағы құжаттарды ауыстырудың қажеті жоқ. Бұрынғы Астана атауымен берілген құжаттар заңды күшін жоймайды. Бұл туралы Әділет министрлігінің өкілі Сәбит Сандыбаев айтты. Бұдан бөлек, жылжымайтын мүлікке қатысты құқықты бекітетін құжаттар да өзгертуді талап етпейді. Тек жарамдылық мерзімі өткеннен кейін және жоғалған жағдайда өзгертуге болады.  

Сәбит САНДЫБАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

«Құқықтық актілер туралы» заңның 43 бабының 3-ші тармағына сәйкес құрылтай құжаттары, құқық белгілеуші құжаттар, шарттарда көрсетілген «Астана» деген атау құжаттың аяқталу мергізімі біткен кезде, болмаса заңды күшін жойған кезде ауыстыруға жатады.

А. Бектас