Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Нұр-Сұлтанда «Ұмытылған қаһармандар» атты жаңа кітап жарық көрді

Нұр-Сұлтанда «Ұмытылған қаһармандар» атты жаңа кітап жарық көрді

Жеңіс күні қарсанында «Ұмытылған қаһармандар» кітабы жарық көрді. Ол Ұлы Отан соғысында ерлігімен ерекшеленген, жоғары наградаларға ұсынылған алайда санқилы себептермен тиісті марапаттарға қол жеткізе алмаған қазақстандық батырлар рухына арналған. Ол Берік Әбдіғалиұлының 2015-ші жылы жарық көрген «Забытые Герои. Герои Советского Союза» атты жинағының жалғасы. Кітапқа Қаһарман атағына ұсынылған 133 майдангер туралы мәліметтер енгізілген.     

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, «ҰМЫТЫЛҒАН ҚАҺАРМАНДАР» КІТАБЫНЫҢ АВТОРЫ:  

Осы алдынғы жылы «Nur Otan» партиясының басшылығына ұсыныспен шыққанбыз. Осыларды міне ұлықтайық енді деп. Тарихи әділеттілік болсын. Барлығына Халық Қаһарманың алып бере алмаймыз. Бірақ көшенің атын, мектептің атын, оқулықтарға шығарайық деп. Міндетті түрде қазір әкімшіліктерге жіберіліп, туған ауылында, туған жеріндегі ұлықтау шаралары. Бұл ең тарихи әділеттілік, сауапты, бұл әділетті іс.   

Жобаны «Nur Otan» партиясы, «Қарулы күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, республикалық ардагерлер кеңесі, ұлттық мұрағат және өзге де ұйымдар қолдады. Кітап таралымы бір мың дана. Оны жоғарғы оқу орындарына, кітапханалар мен әкімшіліктерге тарату жоспарланып отыр. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Осы жобаның негізгі мақсаты Ұлы Отан соғысында керемет үлкен ерлік көрсеткен қаһарман аталарымыздың батылдығын, батырлығын насихаттау, елдің ішінде осы аталарымыз туралы ақпараттар тарату. Осындай жобаны Берік Әбдіғалиұлы бастап біраз архивтерден материалдар жинап, Қазақстанда, Ресейде біраз адамдармен кездесіп, біраз Қазақстандағы аталарымыздың отбасыларына барып біраз деректер жинап, осындай үлкен кітап дайындады.  

Н. Біләл