Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа кітап жарық көрді

Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа кітап жарық көрді

Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа кітап жарық көрді. Бүгін «Елбасы және халқы» атты кітабты Қазақстан халқы Ассамблеясы таныстырды. Үш тараудан тұратын кітапта Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995-1999 жылдары сөйлеген сөздері, «Жеңіс пен жетістікке жігерлендіруші» тарауында бірге қызмет еткен жандардың және Елбасы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген жарияланымдары топтастырылған. Ал үшінші тарауда этно-мәдени бірлестік өкілдерінің Елбасы туралы пікірлері жинақталды. Сондай-ақ, жинаққа Елбасының жеке архивінен алынған құнды суреттер мен құжаттар енген. Екі тілде мың данамен жарық көрген кітап республика кітапханаларына жолданады. 

Ә. Өмірзақ