Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

"Nur otan" балалармен бірге!

AstanaTV
01.06.2020ж. 20:00
2056
"Nur otan" балалармен бірге!

Балаларға базарлық! Халықаралық балалар күніне орай, "Nur otan" партиясы қамкөңіл жеткіншектерді бір қуантты. Партия өкілдері отбасында зорлық-зомбылық көрген қыз-келіншектер орталығына арнайы барып, бүлдіршіндерге тарту-таралғы жасады. Жалпы Орал бойынша жиыны 3,5 мың отбасына тегін азық-түлік үлестірілді. Бұдан бөлек 14 мың жанұяға 50 мың теңгеден материалдық көмек көрсетілген. Оның 3 мыңы көпбалалы болса 800-і асыраушысынан айрылыған отбасылар. Нұротандықтар, бұл игі істің алдағы уақытта да жалғасатынын айтып отыр.

Гүлназ ҚҰЛЖАНОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Бақытты отбасы" проектісінің аясында біз жыл сайын дәстүрлі түрде көптеген шара ұйымдастырамыз. Киім-кешек, аяқ киім, тәттілер сұраған. Өздерінің сұрағанын беріп, көмек көрсеттік. Балаларды қорғау күніне орай, тек қана Орал қаласында емес, бүкіл аудандарда біздің бастауыш партия ұйымының өкілдері, депутаттар да көмек көрсетеді.

 Е. Карин