Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына АҚШ астронавттарын cәтті жеткізді.

AstanaTV
01.06.2020ж. 20:00
3585
Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына АҚШ астронавттарын cәтті жеткізді.

Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына АҚШ астронавттарын cәтті жеткізді. Осылайша, NASA тоғыз жылда алғаш рет өз астронавттарын өз жерінен аттандырып отыр. Айта кетейік, 2011 жылы АҚШ Shuttle бағдарламасын жауып, бүгінгі күнге дейін ресей зымырандарын пайдаланып келген. Осы жолы NASA Илон Масктің "SpaceX" компаниясына жүгінді.Толығырақ, Әлішер Өмірзақ жалғастырады.

Осылайша жекеменшік SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны ғарышқа аттанды. Соңғы 9 жылда АҚШ жерінен көкке көтерілген алғашқысы осы. Өйткені, NASA 2011 жылы Shuttle бағдарламасын жапқан еді. Халықаралық ғарыш стансасына америкалық астронавтар Ресейдің көмегімен жетіп жүрді. Роскосмосқа олар әр ғарышкері үшін 90 млн доллардан төлеп келген. Бұл тарихи сәттерді NASA тікелей эфирде көрсетті.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

 
Бұрынғы лидерлер біздің ғарыш саласын өзге елдерге тәуелді етіп қойды. Енді бұлай болмайды. Біз америкалық астронавтарды америкалық зымырандармен, өз жерімізден аттандырамыз. Құттықтаймын, Илон Маск. NASA мен SpaceХ-тің ынтымақтастығы біздің елімізді бұрын-соңды болмаған табысқа жетеледі.

Мына видео арқылы зымыран тасымалдағыштың бір сатысы сәтті бөлінгенін байқауға болады. Ерекшелігі сол ол жерге өз бетімен қайтып келіп қонды. Илон Маск оны болашақта тағы бір мәрте пайдаланады. Бұл экономикалық тұрғыда тиімді.

Арнайы өткен баспасөз мәслихатында Илон Маск «Роскосмос» басшысының 6 жыл бұрынғы хабарламасын еске алды. Дмитрий Рагозин «Халықаралық ғарыш станциясына АҚШ батутпен жетсін», деген еді. SpaceХ басшысы Рогозинді былай қатырды.

Crew Dragon астронавттарды халықаралық ғарыш стансасына сәтті жеткізді. 53 жастағы Даглас Херли мен 40 жасар Роберт Бенкен ресейлік әріптестерімен жолықты.

Даглас ХЕРЛИ, ҒАРЫШКЕР:


Осындай тарихи оқиғаның бастан кешу мен үшін үлкен мәртебе! SpaceX бен NASA-ға үлкен ризашылдығымызды білдіреміз.

Дональд Трамп алдағы уақытта да SpaceX компаниясымен бірге жұмыс істейтінін жеткізді. Осылайша АҚШ ғарышты игеру марафонына қайта қосылды. Ал, Илон Маск мұнымен шектелмейтінін жеткізді. Ол, жақында ғарыш туризмін қолға алатынын айтып отыр.
 
Ә. Өмірзақ