Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жаңаөзенде пневмониядан 6 адам қайтыс болды

AstanaTV
22.06.2020ж. 20:00
2943
Жаңаөзенде пневмониядан 6 адам қайтыс болды

Маңғыстау облысында да өкпенің қабынуы дерегі тіркелген. Жаңаөзен қаласында пневмониядан 6 науқас қаза болды.  Жергілікті ақпарат құралдары таратқан деректерге сенсек, маусымның 15-інен бері 105 адам аталған дертке шалдыққан. Оның 15-і хал үстінде көрінеді. Облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығы таратқан ақпараттарға қарағанда бұл науқастардан COVID-19 анықталмапты. Науқастардың күрт көбеюінен кордиология, неврология және терапия бөлімдері қайта жабдықталған. Бұл бөлімдерге де пневмонияға шалдыққандар жатқызылмақ. Айта кету керек, пневмония - жедел өкпенің қабыну ауруының бір түрі. Жұқтырған науқастарда тыныс алу қиындайды. Бұл дерт тұмауға ұқсас болады, түшкірік немесе жөтел арқылы ауадан тарайды. 

Д. Мұхаммедкәрім