Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбеде 700-ден астам адам пневмонияға шалдығып, 18 адам дерттен көз жұмды

AstanaTV
22.06.2020ж. 20:00
2417
Ақтөбеде 700-ден астам адам пневмонияға шалдығып, 18 адам дерттен көз жұмды

Ақтөбеде осы айда 700-ден астам адам пневмония дертіне шалдығып, облыста өкпе қабынуынан 18 а дам көз жұмған. Дерттен қаза тапқандардың дені егде жастағылар. Жағдай облыс орталығында ұшығып тұр. Тек соңғы тәулікте 89 дерек тіркеліпті. Өңірдегі жедел жәрдем қызметіндегілердің 34 пайызы бүгінде денсаулығына байланысты демалыс алған. Олардың арасында да коронавирус, пневмония жұқтырғандары бар.
 
Светлана ЕСЕНАМАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жедел медициналық көмекте 120 қызметкер больничныйда. Соның ішінде пневмонияда бар, ОРВИ де бар, Контактныйларда бар, Соның ішінде 5 жағдай Ковидте бар. Әртүрлі бөтен аурудар давлениесі көтеліген. Учетта тұрған аурулары өршу жағдайлары да бар.

Қазір 22 науқастың жағдайы ауыр. Облыс орталағында дәрігерлер жетіспеушілігі туындады. Ал, дәріханалардың алды ұзын-сонар кезекке толды. Жеке клиникалар мен емханаларға да келушілер көбейген. Зертханаларда орта есеппен күніне 1800 жуық адамға тексеру жасалын жатыр екен.
 
Б. Рақметова