Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Коронавируспен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне үстемақы жыл соңына дейін төленеді, - А.Цой

Коронавируспен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне үстемақы жыл соңына дейін төленеді, - А.Цой

Коронавируспен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне үстемақы жыл соңына дейін төленеді. Бұл туралы елдің бас дәрігері Алексей Цой айтты. Мемлекет басшысы күні кеше өз жолдауында осы мәселеге баса назар аударуды тапсырған болатын. Бұдан бөлек, алдағы үш жылдықта 250 мыңдай ах халаттының жалақысы өспек. Министр сонымен бірге COVID-19-дың күздегі толқынына қатысты не айтты? Толығырақ келесі бейнематериалда.  

Алғы шептегі дәрігерлерді ынталандыру үшін үкіметтен 150 миллиард теңге бөлінбек. Медицина қызметкерлеріне үстемақы жыл аяқталғанша беріледі. Осы орайда Алексей Цой індеттің күзгі толқынына дайындық қызу жүріп жатқанын жеткізді. Айтуынша, елде 12 модульдік инфекциялық аурухананың құрылысы басталды. Ал, 1 емдеу мекемесі қайта жөндуден өтеді. Ол қазан айында тапсырылуы шарт.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Бұл жұмыс пандемияның ықтимал екінші толқынына дайындық аясында жүргізіліп жатыр. Бұл жолы біз барлық жағдайға дайын болуымыз шарт. Сонымен қатар, заманауи жабдықтармен жабдықталған 2700 жұқпалы төсек орналастырылады. Қаржыландыру жұмыспен қамту жол картасы және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

Министр дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық  қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру мәселесіне де тоқталды. Оның жүзеге асу жолдарын түсіндірді.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Жалпы бұл - 2021 жылы 222,3 миллиард теңге, 2022 жылы 361,7 миллиард теңге, 2023 жылы 557,5 миллиард теңгені құрайды.

Кеселдің статистикасына тоқталсақ, өткен тәулікте 72 адамнан індет анықталды. Министрлік қазір 195 науқастың жағдайы ауыр екенін айтты. Коронавирустық сараптамасы расталмаған, алайда пневмания дерті бар 30- адам тіркелді. COVID-19-ға шалдыққандар Республика бойынша 106 мыңға жуықтады. Оның 92 пайызы жазылып шықты. 1600 науқас өкінішке орай қайтыс болды. Ал, пневмонияға шалдыққандар саны: 25 мыңнан асты. 5 жарым мыңы сауығыпты. Өлім дерегі: 295.

А. Данияр