Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Оралдағы тойхана иелері тақырға отырды

AstanaTV
02.09.2020ж. 20:00
2934
Оралдағы тойхана иелері тақырға отырды

Той өткізуге рұқсат берілсін! Оралдағы мейрамхана иелері осындай талап қойды. 7 айдан бері шаш-етектен шығынға батқандарын айтып, тақырға отырғандарын мәлімдеді. Кәсібін жүргізу үшін банктерден несие алған олар қарызға белшеден баттық деді. Олардың ендігі талабы - банкет залдарын ашуға рұқсат етіп, тым болмаса 50 адамды қабылдауға мүмкіндік беру. Әйтпесе осы салада еңбек ететін жүздеген адамның жағдайы қиындайды, дейді.

Кәсіпкер Бақтыгүл Бисембаева қарызға батқан соң, карантинде тығылып той өткізгенін айтады. Бірақ ұрлығы әшкере болып, 600 мың теңге айыппұл арқалапты. 7 айдан бері табыссыз отырғанын жеткізді. Қомақты айыппұлды төлеу үшін, тағы қарызданған.

Бақтыгүл БИСЕМБАЕВА, КӘСІПКЕР:

Біздің жағымызда ешқандай заң жоқ. Бізді ешкім қолдамай отыр. Неге қолдамай отыр, білмеймін! Мысалы, базарда қанша кісі жүреді таңертеңнен кешке дейін? Торговый домдарда, бассейн, бәрі жұмыс жасап жатыр. Тап-таза орында – тойханаларда неге 50 кісіге орын бермеске? Соған миым жетпейді!

Нұргүл МАҚСОТҚЫЗЫ, КӘСІПКЕР:

Бір ай жапты, екі жұмадан кейін ашамыз деді. Екі жұма жапты. Енді уровень түссін деді. Уровень түскенін күттік. Енді не күтіп отырмыз? Постановление шықты, опять банкетный зал жоқ. Общепит 30 кісіге дейді. Общепитте 30 кісі емес, күніне 100 адам кіріп-шығып жатыр. Біз тек жұмасына үш күн - пятница, суббота, воскресенье. Неужели бір 50 адамға бізге берілмейді?


Туғанай САТЫБАЕВА, КӘСІПКЕР:

Қазір бізді ауру қорқытып тұрған жоқ. Бізді қорқытып тұрғаны – алдағы болашағымыз. Ары қарай не жейміз, ары қарай қалай күн көреміз? Балаларымыздың жағдайын қалай жасаймыз?


Дауға араласқан кәсіпкерлер палатасы өкілдері бұл мәселе министрлік деңгейінде шешілуі тиіс екенін түсіндірді. Қазір өңірдегі жүзге жуық тойхананың жұмысы тоқтап тұр.

Марат НҰРҚУАТОВ, БҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

50 кісіге дейін апару керек және қосымша жоғары санитарлық нормаларды қарастыру керек. Әрбір объект, нысан өз жауапкершілігін өзіне алады. Санитарлық эксперттер барып, қарап тұруға болады дегендей ұсыныстарды бердік. Бірақ комитет ол ұсыныстарды қолдап жатқан жоқ.


Кәсіпкерлер барлық санитарлық талапты орындауға дайынбыз дейді. Ал эпидахуалды бақылап отырған мамандар жағдайдың кез-келген сәтте ұшығуы мүмкін екенін тағы ескертті.

Әдемі ХАСАНОВА, БҚО ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі кезде эпидемологиялық жағдай тұрақтанып келе жатқанымен, бұлардың барлығы да осы қабылданып отырған шешімдердің арқасы. Сондықтан әлі де болса коронавирус инфекциясыны жұғу қаупі бар. Сондықтан тұрғындардан сұрайтынымыз әлі де болса, адам көп жиналатын жерлерге бармауды сұраймыз.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Коронавирус індеті басталғалы бері аймақтағы 7 мыңға жуық адам жұқтырған. Оның 6- мыңнана асасы емделіп шыққан. Өкініштісі 97 науқас бақилық болды. Ал күні кеше 5 тұрғыннан ауру белгілері табылды. Сондықтан дәрігерлер әлі сақтық шараларын естен шығармауға кеңес береді.

Е. Карин