Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Жаңаөзенде қала күніне жаңа фонтан іске қосылды

Жаңаөзенде қала күніне жаңа фонтан іске қосылды

Биыл Жаңаөзенге 52 жыл. Қала күніне орай шаһарда ерекше фонтан ашылды. Ол жай ғана су-бұрқақ емес, биші-фонтан. Елу жылда - Ел жаңа деген. Жарты ғасырда мұнайшылар шаһарында не өзгерді? Тілшіміздің бейнематериалы.

Жарты ғасыр бұрын бұл жерде вагондар тұратын. Ал, жалғыз барак - перзентхана еді. Мұның бәрі Сәуле Қожанипесованың есінде. Шағын елді-мекеннің мұнайшылар астанасына қалай айналғанын Сәуле ханым өз көзімен көрген. Ол, қаланың бұрыш-бұрышын бес саусағындай жақсы біледі.

Сәуле ҚОЖАНИПЕСОВА, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Есімде қала ол кезде шаң, салқын, әкем жұмыстан келмей қалады, прорыв  немесе авария жиі болатын. Сонда әкемізді күтіп тұратыным есімде. Ол кез бен қазіргі кезді салыстырсақ жер мен көктей. Біздің сарқылмас мұнайымыздың арқасында Жаңаөзеніміз құлпырып келе жатыр.


Жаңаөзенде бірнеше мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп тұр. Соның бірі ескі үйлердің жаңғырту. Биыл 27 көпқабатты үйге күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Соның жетеуінде құрылыс жұмыстары басталып кетті. Тұрғын үйлермен бірге әлеуметтік нысандарда да жөндеу жүріп жатыр. Емханалар мен мектептер және күре жолдар жаңарды. Көшелер де абаттандырылуда. Қаладағы жасыл желекке биыл тамшылап суғаратын жаңа жүйе тартылды. Осының арқасында су шығыны екі есеге дейін қысқарған.

Мақсат ИБАҒАРОВ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Бұл жылға кешендік жоспар бойынша 48 проект қаралған. 62,7 млрд аясында. Қазіргі таңда 48 проекттің 8 жобасы орындалып, 30 астам жобасы орындалуда.

Қала күніне бірнеше жаңа нысандар іске қосылды., Соның бірі Елордадағы әйгілі су-бұрқаққа ұқсас биші-фонтан. Оған "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 193 млн теңге бөлінген.

Ә. Рақымбай