Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Атырауда елді дүрліктірген «мұздатқыштағы шақалақ» ісіне нүкте қойылды

AstanaTV
18.01.2021ж. 20:00
2348
Атырауда елді дүрліктірген «мұздатқыштағы шақалақ» ісіне нүкте қойылды

Атырауда «мұздатқыштағы шақалақ» ісіне нүкте қойылды. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты перинаталдық орталақтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевқа 18, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанға 16, босану бөлімшесінің акушері Жәмила Құлбатыроваға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Естіген елдің жағасын ұстатқан іс сотта 7 ай қаралды. Судья ақ халаттыларды алдын ала сөз байласу арқылы, нәрестенің дәрменсіз күйін пайдаланып, аса қатігездікпен қасақана өлтірді деген айыппен кінәлі деп тапты.

Гүлмира ДӘУЛЕТОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 

Қуаныш Жолымбекұлы Нысанбаев жазаларды ішінара қосу жолымен 18 жыл мерзімге бас босандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Нысанбаевтың жаза өтеу орны Қылмыстық Атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары  мекемесінде белгіленсін. Нысанбаевқа қолданылған күзетпен ұстау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын. Жазаны өтеу мерзімі 2019 жылдың қыркүйегінен бастап есептелсін.

Дегенмен бұрыңғы дәрігерлер айыпты мойындаған жоқ. Ал аса ауыр қылмысты  құқық қорғау органдарына хабарламады деп айыпталған неанатолог дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен  Дариға Жұмабаеваға 3 жыл бас босандығынан шектеу жазасын тағайындады. Судья оларға қайтыс болған шақалақтың анасына материалдық төлем төлеуді міндеттеді. Судьяның сөзі аяқталмастан, үкімге көңілі толмаған сотталушылар мен олардың туыстары шу көтерді. Судья оларды бірінен соң бірін сот залынан шығарып жіберді.

Естеріңізге салайық, оқиға өткен жылдың қыркүйегінде жалпақ жұртқа жария болды. Перзентхана дәрігерлері құжатты қайта рәсімдеуден қашып, шақалақты мұздатқышқа салды деп айыпталған. Дейтұрғанмен сотталушылардың туыстары сот үкіммен келіспейді. Енді олар аппеляциялық сотқа шағымданбақшы.

Б. Надирқызы