Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі 3,5 жылға сотталды

AstanaTV
18.01.2021ж. 20:00
2276
Павлодарда Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі 3,5 жылға сотталды

Павлодарда Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі үш жарым жылға сотталды. Экс-әкімге қатысты сот үкімі сол Баянауыл аудандық сотында шықты. Келтірілген деректер бойынша, Оразгелді Қайыргелдинов - қызмет бабын асыра пайдаланып, жемқорлыққа жол берген. Қылмысы дәлелденді. Ол, Баянауылда заңсыз аэродром салып, мемлекет қаражатын оңды-солды жұмсаған. Естеріңізге сала кетейін. Ертіс өңірінде шағын әуежайлар салуды бұрынғы облыс әкімі Болат Бақауов бастаған. 2016-2018 жылдары сондай аэродромның бірі Баянауыл ауданында салынды. Кейіннен құрылыстың стандартқа сай жүргізілмегені анықталып, шағын әуежай "жарамсыз", деп танылды. Ал, оған облыстық бюджеттен 240 млн теңге бөлінген. Оразгелді Қайыргелдинов айыбын мойындады.

Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ МАМАНЫ:


Қылмыстық кодекстің 361 бабы, 4-бөлігі, 3-тармағының санкциясы 7 жылға дейін  бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Кінәні мойындауды, сотталушының жасын (63 жас) және тараптардың пікірін ескере отырып, сот Қ-ға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеуді тағайындады. Қ-ны өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ө. Қуанар