Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атыраулық дәрігерлер сотталып кеткен әріптестеріне араша сұрайды

AstanaTV
22.01.2021ж. 20:00
2778
Атыраулық дәрігерлер сотталып кеткен әріптестеріне араша сұрайды

Атыраудағы перинаталдық орталық қызметкерлері, сотталып кеткен бұрыңғы әріптестеріне араша сұрайды. Олар сот шешімі - тым қатал болғанын айтады. Аймақ басшыларымен өткен жиында, медицина қызметкерлері осыны талап етті. Бұл жиынға БАҚ өкілдерін ақ халаттыларды өздері шақырғанымен, атқамінерлер тілшілерді кіргізбеді. Аты шулы сот ісінен кейін, дәрігерлер жаппай жұмыстан кеткелі жатыр деген қауесет те тараған болатын. Орталық басшысы күні бүгінге дейін бір де бір маманнан мұндай арыз түспегенін жеткізді.

Асқар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

 
Қауымдастықпен, депутаттармен бірігіп, Елбасына, Президентке хат жазу. Істі  қайтадан қарап, жеңілдету болмай да деген.  Дәрігерлер сот үкіміне қарсы шыға алмайды. Алайда  өте үлкен мерзімде соттауға үкім шығарғаннан кейін, сонымен келісе алмай отыр. Бұл деген адам жанының арашасы болғаннан кейін қай-қайсысы да өзінің жұмысының  професионналдары шынтуайтқа келгенде.

Айта кетейік, апта басында перинаталдық орталақтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев 18 жылға сотталған. Ал, акушер-гинеколог Асқар Қайыржан 16, босану бөлімшесінің акушері Жәмила Құлбатырова 15 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Олар құжатты қайта рәсімдеуден қашып, шақалақты мұздатқышқа салды деп айыпталған болатын. Жаға ұстатарлық бұл оқиға былтыр қыркүйекте жалпақ жұртқа жария болған.  Сол кезде периниталдық орталықтың 32 қызметкері өз еркімен жұмыстан кеткен еді.

Б. Нәдірқызы