Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Аманат" Қазақ күйлері антологиясы" жинағаның тұсауы кесілді

AstanaTV
25.02.2021ж. 20:00
1996
"Аманат" Қазақ күйлері антологиясы" жинағаның тұсауы кесілді

Жоғала жаздаған жәдігерлер ұлтпен қайта қауышты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бүгін "Аманат" Қазақ күйлері антологиясы" жинағы көпшілікке таныстырылды. Байырғы күйшілер мен күйдің шығу тарихы жазылған кітап үш тілде жарық көрген. Оны "Сауап" қоғамдық қоры өз қаражатына шығарыпты. Ұлттық музыкалық өнерді насихаттауға арналған жоба 8 жыл бұрын қолға алынды. Қор төрағасының айтуынша, жинақты шығаруға 5 зерттеуші-ғалым атсалысқан. Оқулыққа енген материалдар қазақстандық қана емес, шетелдік архивтерден жинақталған. Сондай-ақ көне 500-ден астап күй заманауи аудиотасығыштарға көшірілген.

Бақытбек СМАҒҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

100-ден астамы шет елдерден алынып отыр және ол жарыққа шықпаған. Бұрынғы мысалыға 1000 күйінің ішінде қазақ күйлерінің ішінде жарияланбаған күйлер.  Соның өзінің орындаушылары бар қазіргі. Ол қай жерден алынды, кім орындады, ол күйдің тағдыры қандай? Сыбызғымен болсын, домбырамен болсын, қобызбен болсын орындалатын күйлерінің жетістігі.


"Сауап" қоғамдық қорының өкілдері жоба мұнымен аяқталмайтынын айтады. "Аманат" циклының 2-нші бөлігін "Қазақтың жыр-дастан, терме-толғауларына", үшінші бөлігін "Қазақ өлеңдеріне" арнауды жоспарлап отыр.

А. Данияр