Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

AstanaTV
25.02.2021ж. 20:00
1901
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесуде сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. Сондай-ақ «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері көтерілді. Нұрсұлтан Назарбаев пандемия кезінде халық партияның қолдауына мұқтаж екенін атап өтті. Ал өз кезегінде Бауыржан Байбек, республикалық «Жол картасын» таныстырды. Нұротандықтар аталған бағдарламадағы жоспардың төрттен бірін биыл орындауға уәде беріп отыр.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сайлаудың барлығы өтті. Партия мүшелеріне рақмет, халыққа рақмет!  Елдің тыныштығы үшін алдыға қарай жылжу үшін қолайлы жағдай жасалып, депутаттар сайланды. Біздің партия жоспарларын жариялады. Енді қазіргі жағдайларда соны орындау. Жоспарда 5 жылдықты талқылағанбыз. Съездің алдында съездің ішінде жарияланған ол елге белгілі оны мен қолдаймын! Әрі қарай жұмыс істеңдер.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізгі мәселе 5 жылдың жоспар. Жалпы, осы бір жарым айдың ішінде сіздің тапсырмаңыз бойынша Үкімет басшысы фракцияда есеп берді. Біздің сайлауалды бағдарламаның нәтижесінде біз жол картасын қабылдадық. Соған келісім берсеңіз оны бюроға ендіріп, қадағалайтын боламыз. Енді бюджет мәселесі бар көрсеткіштер жалпы 1700 сала бойынша 5 жылға бекітілген. Бір жылдың өзінде 24 пайызды осы берілген уәделерді орындайтын боламыз.

А. Данияр