Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Мәдениет және спорт вице-министрі қамауға алынды

Мәдениет және спорт вице-министрі қамауға алынды

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың қамауға алынғанын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады. Ол букмекерлік қызмет саласында біреудің мүддесін қолдады деп күдікке ілінген. Өзге ақпарат тергеу ережесіне сай айтылмады. Сәкен Мұсайбеков бұл қызметке 2020 жылдың мамарында ғана  тағайындалған болатын.

Данияр БЕКАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ТЕРГЕУШІСІ:

Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол букмекерлік қызмет саласында белгілі компания құрылтайшысынан қолдау көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен пара алушы да, пара беруші қамауға алынды.

Сондай-ақ «Алатау» клиникасының басшысына қатысты да тергеу басталған. Дәрігер онкологиялық науқас балаларға арналған азық-түлікті ұрлау және сату фактісі бойынша істі болып отыр. Күдікті қазіргі уақытта қамауға алынған.

Ә. Өмірзақ