Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Өндірістік жарақат алатындар көбейген

AstanaTV
26.02.2021ж. 20:00
1992
Өндірістік жарақат алатындар көбейген

Жұмыста жүріп жарақат алатындар саны жыл сайын артып келеді. Былтыр бір жарым мыңнан астам адам өндірістік жарақат алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде мәлім болды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2019 жылы аталған көрсеткіш жүзге аз болған. Мамандар қазір жұмысшыларды қорғаудың жолдарын іздеуде. Әзірге зиянды жұмыс орындарын қысқарту туралы ұсыныс бар. Айтып өтейік, кәсіпорындарды тексеру барысында жеті мыңнан астам заң бұзушылық фактілері анықталған.

Серік ШӘПКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

 
31 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды, оларға жалақы бойынша 4,2 миллиард теңгеден астам қарыз төленді. Сонымен қатар, жалақы бойынша қарыздар проблемасы әлі де жалғасуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша қарыз 70 кәсіпорында 837 млн теңгені құрады.
     

Министр сонымен бірге елдің барлық аймақтарында, жалпы саны 31 отбасын қолдау орталығы ашылғанын айтты. Мақсат - жұмыспен қамту, кадрларды даярлау және басқа мәселелер бойынша көмек көрсету деді. Бұдан бөлек, балалары бар отбасыларды қолдау бюджеті 120 млрд теңгеге ұлғайтылғанын хабарлады. Министрліктің дерегінше елде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді.

Т. Оспанбаева