Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Елорданың "Жасыл белдеуі" Ұлттық паркке айналуы мүмкін

Елорданың "Жасыл белдеуі" Ұлттық паркке айналуы мүмкін

Елорда маңындағы «Жасыл белдеу» Ұлттық паркке айналуы мүмкін. Жасыл алқапқа мұндай мәртебе беруді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Бұл -алғашында қаланы желден қорғау және қолайлы экологиялық орта қалыптастыру үшін қолға алынған жоба. Қазір қала тұрғындары демалатын орынға айналған. Елбасы 24 жылда «Жасыл белдеу» аумағы кеңейіп, жыл сайын тал- терек отырғызылып, құстар мен жан-жануарға қолайлы орта жасалғанын атап өтті. Бірегей жоба күткен нәтижені берді дейді.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір мынау орманның арқасында жел де азайды, суыққа да шыдайды. Экологияны жөндеуге үлкен пайдасы бар. Осы игі істің бәрін жасап жатқан орманшыларға, азаматтарға үлкен ризашылығымды білдіргім келеді.

Ғ.Өтемісов