Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы Олимпиадаға қатысатын Ұлттық құрамаға сәттілік тіледі

AstanaTV
02.07.2021ж. 20:00
1334
Мемлекет басшысы Олимпиадаға қатысатын Ұлттық құрамаға сәттілік тіледі

Мемлекет басшысы жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Ұлттық құрамамен кездесті. Команданың негізгі бөлігі Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығынан телекөпір арқылы қатысты. Онда спортшылар Токиоға аттанар алдындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев  байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тіледі.
 
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ұлы даланың ұландары Күншығыс еліне зор үміт арқалап бара жатыр. Біздің спортшыларымыз байрақты бәсекеден жүлдесіз оралған емес. Олимпиада төрінде көк туымыз желбірегенде әр азаматтың жүрегін мақтаныш кернейді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстаннан Олимпиаданың 16 жеңімпазы, 56 жүлдегері шықты. Олардың есімдері алтын әріппен жазылған. Енді олардың жолын жалғастыру сіздердің қолдарыңызда.   

Ғ.Өтемісов