Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанай облысында сібір жарасының қоздырғышы анықталды

AstanaTV
13.07.2021ж. 20:00
2137
Қостанай облысында сібір жарасының қоздырғышы анықталды

Тобыл өңірінің 3 тұрғыны сібір жарасын жұқтырған. Олар-жергілікті серіктестіктің жұмысшылары. Науқастар жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген. "Жағдайлары тұрақты" дейді дәрігерлер.

Ал Ветеринария басқармасының хабарлауынша Денисов ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік аумағына карантин енгізілген. Ондағы оннан астам ірі қараның өлексесі арнайы пештерде өртеліп, қора-қопсы залалсыздандырылған. Қалған түліктің бәріне вакцина салынған. Басқа елді-мекендердегі эпизоотиялық жағдай тұрақты дейді ветеринария басқармасының басшылығы.  

Бауыржан БЕКЕТ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Шаруашылық өзі жеке орналасқан.Маңайында ешқандай жақын елді-мекен жоқ. Жеке секторлардың да малы жоқ. Сондықтан жаңағы диагноз анықталғаннан кейін ветеринария басқармасының басшылығымен және қадағалауымен Денисов ауданындағы ветеринария станциясы қажетті іс-шараларды атқарды.Біздің болжам бойынша бұл жаңағы жыртқыш аң,құстар сосын кеміргіштер сібір жарасының   қоздырғышын басқа жақтан әкелуі әбден мүмкін.

З. Санай