Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

30 жыл бұрын дәл осы күні Елбасы халық алдында ант берді

AstanaTV
10.12.2021ж. 20:00
1814
30 жыл бұрын дәл осы күні Елбасы халық алдында ант берді

30 жыл бұрын дәл осы күні, яғни 1991 жылы 10 желтоқсанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында  ант берген күні. Сондай-ақ, дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауы, Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Сол кездегі тарихи оқиғаларды Елбасы "Деловой Казахстан" басылымының бүгінгі санында да баяндаған. Бірқатар сұрақтарына жауап беру кезінде де, ол Қазақстанды бірден әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі деп танығанын атап өтті. Дегенмен, сол кезеңде басқа мемлекеттермен жаңа экономикалық, саяси және қоғамдық байланыстар орнату маңызды болды дейді. Елбасы түрлі сын-пікірлермен де жиі бетпе-бет келуге тура келгенін еске алды. Бірақ салмақты сенімді іс-қимылдар мен көреген саясат жас мемлекеттің табысқа жетуін қамтамасыз етті деді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,  ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ:

Қазақстанның өткен 30 жылдық жолына көз жүгірте отырып, жаңа нарықтық экономикалық жүйенің қиындықтарына және оған тән кемшіліктерге қарамастан, жаһандық экономикалық дағдарыстардың барлық сынақтарына қарамастан, Қазақстан алға нық қадам басып келеді деп сеніммен айтуға болады. Бұған саяси тұрақтылық, ұлтаралық татулық және халқымыздың біздің Тәуелсіздігімізге деген шексіз сенімі де ықпал етті.