Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қазақстанның астанасы арқаға көшкеніне биыл 24 жыл

AstanaTV
10.12.2021ж. 20:00
2776
Қазақстанның астанасы арқаға көшкеніне биыл 24 жыл

Қазақстанның астанасы арқаға көшкеніне биыл 24 жыл. Осы тарихи күнге орай, ел егемендігінің 30 жылдығы қарсаңында Елорданың алғашқы құрылысына атсалысқан азаматтармен кездесу өтті. Шараны ұйымдастырған Тұңғыш Президент қоры мен Елбасы кітапханасы. Жиын барысында, қонақтар бас шаһарының қалыптасу тарихы мен дамуына арналған экспозицияларды тамашалады. Сонымен бірге, мұражайдағы фотосуреттер, бейнежазбалар мен басқа да бірегей туындылар келушілердің назарына ұсынылды. Елбасының ел астанасын арқаға көшіру туралы тарихи шешімін  ардагер сәулетші Серік Рустамбеков жоғары бағалайды. Айтуынша, қаланың бұрынғы көрінісі мен қазіргісінің айырмашылығы жер мен көктей. Жергілікті халық тұрмақ шетелдіктердің өзі таңырқай қарайды, дейді.

Серік РУСТАМБЕКОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СӘУЛЕТШІСІ:

Өлкені дамытуға көтеруге бір жақсы себеп болды. Астананы көріп басқа қалалар да соның деңгейіне жеткісі келеді. Шешім қабылданғанына мен бақыттымын. Бұл өте тарихи шешім, дұрыс шешім болды. Соның арқасында мінеки, бір үлкен өлкеміз жақсы дамып отыр.


А. Данияр