Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Елбасы жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Д.Исабековпен кездесті

Елбасы жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Д.Исабековпен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековті қабылдады. Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының даму мәселелері талқыланды. Тұңғыш Президент Дулат Исабековтің Қазақстанға сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекеттік марапатқа ие болуымен құттықтады.  Ал Дулат Исабеков өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа  мәдениет қызметкерлерін әрдайым қолдап келе жатқаны үшін алғыс айтып, ең басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Дулат ИСАБЕКОВ, ЖАЗУШЫ, МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ЛАУРЕАТЫ:


Тәуелсіздіктің 30 жылдығы үлкен қазақ елі үшін баға жетпес мереке. Біз мұны бүгін елордаға келіп, Тұңғыш президент - Елбасының қабылдауында болып, көптеген елдің белгілі қайраткерлері, бас қосып, үлкен-үлкен марапатқа ие болып жатыр. Әрине бұл -30 жылдыққа көрсетілген құрмет.

Б. Сатуов