Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елбасы мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

AstanaTV
13.12.2021ж. 20:00
990
Елбасы мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

Елбасы мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты. Тұңғыш Президент барлық қатысушыларды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, әрбір қатысушы елдің дамуы мен гүлденуіне өз үлесін қосқанын  атап өтті.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ:

Тәуелсіздік деген барлық жетістіктеріміздің бастауы.Осыдан 30 жыл бұрын әлем картасында жаңадан пайда болған Қазақстан бүгінде еңсесі биік елге айналып отыр.Байсалды байыпты жүргізген саясатымыздың арқасында, буыны бекіп, қанаты қатайып қуатты мемлекет болып қалыптасты.

Мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдері марапатқа  ие болды. Олардың қатарында конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәми, "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, "Ұлттық хирургия ғылыми орталығы" басқармасының төрағасы Болатбек Баймаханов, ВТБ Банкі Басқармасының төрағасы Андрей Костин және өзге де азаматтар бар.

Б. Сатуов