Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстанның үш бірдей облысына тасқыннан қауіп төнді

AstanaTV
02.02.2022ж. 20:00
1868
Қазақстанның үш бірдей облысына тасқыннан қауіп төнді

Қазақстанның үш бірдей өңіріне тасқыннан қауіп төнді. Синоптиктер Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының тұрғындарына, көктемге ерте қамдануға кеңес береді. Топырақтың бетіндегі тығыз қар мен қалың мұз күрт ерісе, селден қашу мүмкін болмай қала ма деп қауіптенеді. Бір ғана Қарағанды өңірінде158 елдімекенді су басуы мүмкін. Мамандардың дайындығын әріптесім Айжан Қуаш біліп келді.

Синоптиктерді алаңдатып отырған қардың тығыздығы. Биылғы ауа райының құбылмалылығынан біресе қар біресе жауын жауып, баттасып қалды. Топырақ 1 жарым метрге дейін қатып жатыр. Мұның бәрі күрт ерісе, үлкен қауіп төніп тұр.  

Ілияс СЕЙІТҚАЛИЕВ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ГИДРОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Биылғы жағдай жалпы ерекше боп тұр. Себебі жалпы қардың биіктігі төмен болғанымен аз болғанмен қардың тығыздығы өте көп. Біз январь айында шықтық қардың тығыздығы мысалға март айындағыдай жылдағыдай. Ол өте тығыз. Мысалы 2015 жылдағыдай болса мысалы күрт жылып кеткен кезде жаңағы мұздық корка жерге сіңуіне бөгет жасайды да бүкіл судың бәрі өзен арнасына барады.


Жауаптылар метеорологиялық станциялар мен гидрологиялық бекеттердің жұмысын күшейткен. Мамандар апта сайын қардың тығыздығы мен мұздың қалыңдығын арнайы құралдармен өлшеуге көшкен. Алда әлі ақпан, наурыз айлары бар. Жағдай ауа райына тікелей байланысты деп отыр. Дегенмен аймақтағы 158 елді-мекенге судан қауіп бар. Төтенше жағдай қызметкерлеріның пайымынша Нұра, Шерубай, Кеңгір өзендері мен ең үлкен Самарқанд суқоймасы арнасынан асуы мүмкін.

Қанат ШАМШИЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қауіп түсіретін дамбалардан су сбросы ғой. Қазіргі уақытта соларға Самарқанд суқоймасына су аз келіп жатыр. Өйткені көріп отырғандай қардың мөлшері аз. Сол өзендердің қасында орналасқан ауыл елді мекендерге біз бөгет салдық.  

Құбылмалы қыстың салдарынан тығыздалған қар мен қалың мұз Ақмола, Қостанай өңірлерін де алаңдатып отыр. Мамандардың айтуынша тығыз қар ерісе суы да көп болмақ. Қарағанды облысында 2015 жылы дәл осындай ауа райының салдарынан көктемде 400-ге тарта үйді су басқан болатын.

А. Қуаш