$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар облысында "Маугли-балаларға" қатысты жаңа деректер пайда болды

AstanaTV
14.02.2022ж. 20:00
2630
Павлодар облысында "Маугли-балаларға" қатысты жаңа деректер пайда болды

Екібастұзда кездейсоқ табылған «маугли төрт баланың» тағдыры қоғамды алаңдатып отыр. Өздігіне жүре алмайды, тіпті тілі де шықпаған. Үлкені 7 жаста, ең кішісі 3-те. Отбасы адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп келген. 3 күннен бері нәр татпаған балалар, жедел ауруханаға жеткізіліпті. Қазір құзырлы орган өкілдері, бұған қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Ата-ана құқығынан айыруды көздеп отыр. Жергілікті жауаптылар мұндайға қалай жол берген? Тілшіміз тарқатады.

Төсектегі мына төрт баланың үшеуі өздігінен жүре алмайды. Тек 7 жастағы бала ғана сөйлейді, қалғандарының тілі шықпаған.  Еріктілердің айтуынша, балалар адам көрсе, шошитын халге түскен. Екеуінің аяғы бұралып өсіпті. Ал кішкентайдың қыздың іші үлкейіп кеткен.  

Людмила БЫЛИНИНА, ЕРІКТІ:
 
Біз пәтерге барған кезде балалар жалаңаш жүрді. Үсті басы кір қожалақ. Үйдің іші лас, барлық жерде нәжіс, зәрдің иісі шығып тұрды.  Ұлдардың бірі құсып жүр. Кейін білдік олардың үш күннен бері тамақта ішпегенін. Үйде тіске басар ештеңе жоқ.

Мұндайды еріктілер де күтпеген секілді. Адам шошырлық жағдайдағы балаларға жедел жәрдем шақыртқан. Балалардың жағдайын көрген дәрігерлерде бірден оларды анасымен бірге ауруханаға жатқызыпты.

Гүлнәр БҰРАТАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Төрт баланың үшеуінің өкпесі қабынған. Біреуі ковид екені анықталды. Жергілікті дәрігерлер оны тіркеуге алмаған. Осы дерек бойынша қызметтік.  тексеру басталды. Кінәлілер жауапқа тартылатын боладыБір қызығы бұлар ешқандай медициналық ұйымға да тіркелмеген. Қазір анасымен бірге облыстық балалар ауруханасында жатыр. 4-уі де физикалық тұрғыдан дамымай қалған. Біз қазір бүлдіршіндерді толық тексеруден өткізудеміз.

Ал ата-анасы жұмыссыз. Тек балаларының жәрдемақысына, яғни 49 мың теңгеге күн көріп келген. Ал тұрып жатқан баспананы сол қаражатқа жалдап отырған. Еріктілер олардың 1 жарым жасар бөлесінің де жағдайына алаңдаушылық білдіріп, құзырлыларға хабар берді. Анасы ішімдікке салынып, баласын суық үйде жалғыз қалдырып кетуді әдетке айналдырыпты.

Нұрбұлан МҰСАБЕКОВ, ҚАЛҚАМАН КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:

Екі баласынан ата-ана құқығынан айрылған. Қолында қазір 1 жарым жасар София деген қызы бар. Жолдасы Павлодар қаласында жұмыс істейді. Енесімен бірге Ақсу қаласында тұрып жатыр.

Әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырған бұл мәселеге Екібастұз атқамінерлері араласты. Аймақ  басшысы қарамағындағыларға шүйлігіп, оқиғаның себеп салдарынан анықтауға тапсырма берді. Ал баласына дұрыс қарай алмағандарды, ата-ана құқығынан айыру жағы қарастырылып жатыр.

Ө. Қуанар