Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елде жол-көлік оқиғалары былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 4 пайызға артқан,- ІІМ

AstanaTV
14.02.2022ж. 20:00
1483
Елде жол-көлік оқиғалары былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 4 пайызға артқан,- ІІМ

gАуа райының қолайсыздығынан бірқатар аймақтарда жол көлік апаты күрт өскен. Тәулік ішінде 8 адам қаза тауып, 41 жолаушы зардап шеккен. Елдің бас қаласы Нұр-Сұлтанда жол апаты 20 пайызға өскен.

Бұл Теміртау қаласының маңында болған ірі жол-көлік апаты. Қолайсыз ауа-райынан тас жолда 7 көлік соқтығысып қалған. Полицейлердің хабарлауынша, «Даф» жүк машинасының жүргізушісі себепкер. Ол тізгінге ие бола алмай, 6 жеңіл көлікті жайпапты. Күн райыныңы бұзылуына орай, барлық бағыттағы жолдардың жабылған. Соған қарамастан сапарға шыққандар көп жейді тәртіп сақшылары. Олар мыңдаған жолаушыны кері қайтарған. Жалпы қарлы бораннан аймақта тәулік ішінде 44 көлік апаты тіркеліп, бір адам қаза тапқан.

Қуаныш ЗӘРУБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Бүгін синоптиктердің болжамынша бұрқасын, қалың қар, жел көтерілуі күтілуде. Бұл өз кезегінде елді- мекендерде және қала сыртындағы жолдарда да көлік қозғалысы кезінде көру мүмкіндігін шектеп және қозғалысты қиындатады.

Ал Ақтөбе облысында су жаңа көліктерді тиеген жүк машиналары жол апатына ұшарыда. Самара-Шымкент тасжолының бойында 4 көлік соқтығысып қалды. Жүргізушінің біреуі ауруханаға жеткізілгенде жан тапсырған.

Людмила ВОЛНЕНКО, ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көлік тізгіндеген 54 жастағы ер азамат таңертең қайтыс болды. Сау тамдығы қалмаған, бас сүйегі сынған. Ауруханаға кеше түсте әкелінді, сол кездің өзінде жағдайы ауыр болған. Ол Өзбекстан азаматы,  Ресейге жол жүріп бара жатқан. Онымен бірге тағы 2 адам түсті , бізге. Олар амбулаторлық ем алып, шығып кетті.

Павлодар облысында да жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Бір адам қаза тауып, тағы жеті жолаушы жарақат алған. Ал зардап шеккен үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Толассыз жауған қар Нұр-Сұлтандықтарды да әбігерге салды. Қалада жол апаты жиіледі

Бауыржан ТОҒЖҰМАНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласын аумағында ауа-райдың қолайсыздығына байланысты 89 жол көлік оқиғасы тіркелді бір тәуліктің ішінде. Сол жол-көлік оқиға салдарынан +2 адам әртүрлі дене шарақатын алды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел аумағында жол апаты былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4 пайызға артқан. Әсіресе жол апаты Ақмола, Атырау облыстары мен Алматы қаласында көп тіркелуде.   

Ақтоты БОРАНОВА, ІІМ ӘПК ӨКІЛІ:

Ағымдағы жылдың қаңтар айында республика көлемінде 843 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 166 адам қаза болып, 1145 адам әр түрлі дене жарақатын алған.

Қазгидрометтің болжамынша, толассыз жауған қардан кейін, аяз күшеймек. Алдағы үш күнде батыс антициклоны республикамыздың барлық аймақтарында ауа температурасын айтарлықтай төмендетеді.

Б. Сатуов