$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Биыл 3,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды,- АШМ

AstanaTV
15.02.2022ж. 20:00
1608
Биыл 3,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды,- АШМ

Елімізде биыл игерілмей жатқан 3,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Оның айтуынша, пайдаланылмай тұрған  жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша   заңнамаға  бірқатар өзгеріс  енгізілген. Енді бос жатқан аумақтарды тексеру мен оны қайтару мерзімі 2 жылдан бір жылға қысқарады.  Сондай-ақ өз міндетіне салғырт қараған  пайдаланушылар үшін де  нақты  шаралар қарастырған. Министрдің айтуынша,  ондай азаматтарға пайдаланбай отырған жерден өз еркімен бас тарту үшін салық мөлшерлемесін ұлғайту көзделіп отыр.

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Республика бойынша 22,4 млн гектар- ауыл шаруашылығы жері. Оның ішінде 1,1 млн егістік және 23,1 млн гектар жайылым анықталып, олардың 3,2 млн гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды бүгінгі таңда. Оның 3 млн гектары -жайылымдық жер, 223 мың гектары -егістік жерлер.


Б. Сатуов