$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Жезқазған колледжінде куратор студенттерден ақша жинап келген

AstanaTV
27.04.2022ж. 20:00
1546
Жезқазған колледжінде куратор студенттерден ақша жинап келген

Жезқазғандағы жоғарғы медицина колледжінде куратор студенттерді балағаттаған. Онымен қоймай ақша жинап келген. Бұл туралы Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басшылығы мәлімдеді. Колл орталыққа студенттерден шағым түскен. Жалпы аймақта «ақша жинады» деген күдікке ілінген мұғалімдер аз емес. Соңғы екі аптада 9 дерек тіркеліпті. Жөндеу жұмыстарына, мерекелерге, бітіру кештеріне, сыйлыққа деп жиналуға ата- аналар комитеттерінің өзі түрткі болады, - дейді құқық қорғаушылар. Қаладағы 102- інші мектеп- гимназияның мұғалімдері балалардың бағасын төмендету арқылы ақылы білім алуға итермелеген - деп айыпталды. Қазір бұған қатысты тексіріс басталған.  

Бауыржан ҚҰСАЙЫНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ата- ана мұғалім баланың бағасын төмендету арқылы ақылы қосымша сабақтарға баруға мәжбүрлемек болды деп шағымданып отыр. Яғни репетитор алуға итермелеу арқылы осындай жолмен ата- анаға қосымша шығын келтіреді. Бұған жол берілмейді. Сондықтан құзыретті орындар тексеріп жатыр.

Құзырлылар анықтаған келеңсіздіктер мектеп пен колледж басшылары үшін күтпеген жайт болды. 102 –інші гимназияның директоры, өзіне ешкім шағым айтып келмегенін, сондықтан мұндайдан бейхабармын деп отыр.

Қымбат ОСПАНОВА, ҚАРАҒАНДЫ қ. №102 МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Білмеймін да, осы жерге келіп естіп тұрмын. Ата- аналар жиналысымызға жақсы қатысады. Бұндай сұрақ болған емес. Келіп те жолыға алады ата- аналар маған. Ешқандай мұғалім тарапынан, ешқандай ата- ана тарапынан балаға мұндай шағым болған емес.

Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті кәсіпкерлікпен айналысқан 14 мектеп пен колледж басшыларын  анықтаған. Ал жемқорлыққа жол берген 16 мемлекеттік мекеменің жетекшілері қатаң сөгіс алған. Мұнымен қоса 6 мұғалімнің ұлттық біліктілік тестілеу қортындысы бойынша алған сертификаты жалған болып шыққан. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 385- інші, яғни «жалған құжат жасау» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

А. Қуаш