$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Ауыл әкімдері 3 күндік семинар-тренингтен өтеді

AstanaTV
13.06.2022ж. 20:00
1445
Ауыл әкімдері 3 күндік семинар-тренингтен өтеді

"AMANAT" партиясының бастамасымен, ауыл әкімдерін оқыту басталды. 3 күндік семинар-тренингке алғашқылардың бірі болып, Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстарына қарасты барлық ауылдық округтердің әкімдері қатысады. Тренингтің мақсаты - ауылдағы халықтың табысын арттыру, жұмыссыздық мәселесін шешу.

Данияр МҰҚИТАНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫН ДИРЕКТОРЫ:

Бұл бағдарлама ауылдағы адамдардың табысын арттыру мақсатында қолға алынды. Оны жергілікті жерде іске асыратын, әрине, бірінші сол ауылдың әкімі. Оларда белгілі бір бағыт, белгілі бір мақсат болады. Ал біз оларға сол мақсатқа жету құралдарын береміз. Осы 3 күндік семинар сабақта біз қалай жаңа жұмыс орындарын ашу керек, ауылды жерде қандай кәсіп бастау керек бәрін үйрететін боламыз.

Бірінші рет қолға алынған бұл шараға аталған аймақтардан 570 адам қатысуда. Оқу аяқталғаннан кейін әкімдер тест тапсырып, нәтижесіне қарай сертификаттармен марапатталады. Бұл бағдарлама жылдың соңына дейін еліміздің барлық аймақтарын қамтымақ.

Бекболат МАҚШАР, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ, СІЛЕТІ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

"Аманат" партиясының жасап жатқан осы семинары біз ауылдың әкімдері үшін өте маңызды деп есептеймін. Өйткені, біз жергілікті жерлерде халықпен жұмыс жасаймыз және сол жұмысымызды дұрыс атқаруымыз керек. Сол мақсатта осы семинар нәтижелі  болады есептеймін.

Базылбек БЕРСҮРЕП, АРАЛ АУДАНЫ, ЖАҚСЫҚЫЛЫШ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:

Экономикалық сауаттылық міндетті түрде қажет. Себебі халықтың тұрмысын арттыру үшін бізде жергілікті жерде скрининг-талдау жұмыстары жүргізілу керек. Талдау жасаудың нәтижесінде біз қорытынды алып, соның нәтижесімен жұмыс жасауымыз керек. Бүгінгі семинар сондай тәжірибені бізге береді деген үлкен сенімдеміз.


А. Базарбай