Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Өзбекстан Парламенті Конституцияға түзетулерді талқылауды 15 шілдеге дейін ұзартты

Өзбекстан Парламенті Конституцияға түзетулерді талқылауды 15 шілдеге дейін ұзартты

Өзбекстан парламенті конституцияға түзетулерді талқылауды 15 -шілдеге дейін ұзартты. Бұл туралы Өзбекстан Олий Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады. Қарақалпақстандықтар конституцияға енгізілетін өзгеріске қарсылықтарын білдіру үшін, шеруге шыққан болатын. Бүгін Өзбекстанның Бас прокуратурасы тәртіпсіздік кезінде 18 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Шілде айының алғашқы күні Қарақалпақстанда шеру басталды. Нүкістегі митингіге Өзбекстан конституциясына енгізілетін өзгерістер себеп болған.

18 адам қайтыс болды, 243 адам жарақат алды,  оның-94-і ауруханада. Бұл -Өзбекстан Бас Прокуратурасының  ресми мәліметі. Шілденің үшінен бастап Қарақалпақстанда коменданттық сағат енгізілді. Патрульдеу барысында 58 адам ұсталған. Оның ішінде 28 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Қалғандарымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Пулат АХУНОВ, "БІРЛІК" ОППОЗИЦИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Коменданттық сағаттан кейін жағдай тұрақтана бастады. Бірақ қарақалпақ пен өзбек арасындағы этникалық қақтығыс фактілері пайда бола бастады. Жағдай бақылаудан мүлдем шығып кетуі мүмкін. Бұл Қарақалпақстанның мәртебесі туралы емес, қарақалпақтар мен өзбектерге қарсы тұру туралы. Бұл- ең қауіпті.


Қазақстан Өзбекстандағы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады. Сыртқы істер министрлігі көршінің сенімді серіктес екендігін айтып, болған оқиғаға алаңдаушылық білдіретінін жеткізді.

ҚР СІМ:

Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз. Бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында – бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімдіміз.

Оразғали СЕЛТЕЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Мәселе Қарақалпақстан халқы, тұрғындар мен билік арасында, Нүкіс пен Ташкентте жатыр. Бір жағынан, адамдар егемендіктің жоғалуын болдырмау туралы талаппен шықты. Екінші жағынан, наразылық белсенділігінің көрсеткіші экономикалық мәселелерді шешу қажеттілігі туралы сигнал ретінде деуге болады.

Көрші ел қазір жағдайды тұрақтандыру бағытында шаралар қабылдап жатыр. Қарақалпақстанда төтенше жағдай 2-ші тамызға дейін жалғасады. Нүкіс әуежайына да шектеулер енгізілді.

Т. Әлжанов