Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарағандыда қала маңында орман өрті өршіді

AstanaTV
04.07.2022ж. 20:00
1175
Қарағандыда қала маңында орман өрті өршіді

Қарағанды қаласы маңында орман өрті өршіді.  Саяжайларға қауіп төніп тұр. Желдің күштілігінен қызыл жалынды ауыздықтау қиынға соғуда.

Құтқарушылардың айтуынша , өрттің өршуіне желдің әр түрлі бағытта  соғуы себеп боп тұр. Алдын ала болжаммен 200 гектардан астам жасыл алқап пен ағаш  жанып кеткен.  Бұл тоғай «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» мекемесінің аумағына жатады. Полицейлер саяжай тұрғындарын эвакуациялады. 40  техника мен 180- ге жуық  өрт сөндіруші отты өшіруге  тырысып жатыр. Тіпті Нұр- Сұлтан қаласынан су ағызу құрылғысы бар тікұшақ жетті.

А. Қуаш