Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырауда сотталған әйелдер диплом алды

AstanaTV
08.07.2022ж. 20:00
1473
Атырауда сотталған әйелдер диплом алды

Ал Атырауда сотталғандар диплом алды.   Тағдырдың түрлі тауқыметімен  темір торға қамалғандар үшін бұл күн  ерекше маңызды. Олар бір жыл бойы 4 мамандық бойынша  білім алған.  

Бүгін-  әйелдер колониясында ерекше күн. Әдеттегідей темірдей тәртіп  жоқ. Аулада музыка ойнап тұр. Түрлі шарлармен сәнделген. Сотталушы әйелдердің көпшілігі бүгін  қара, қоңыр түсті киімін тастап, әдемі көйлек киіпті. Иығына  «Түлектер» деп жазылған қызыл лента  ілген. Аты абақты демесең,  көңіл-күй бостандықтағыдай.

УГ-157\11  түзету мекемесіндегі 52 келіншек  4 мамандық бойынша диплом алып жатыр. Бір жыл бойы шаштараз, аспаз, кондитер, тігіншілікті  игеріп, әрқайсысы өз мамандығы бойынша   емтихан тапсырған. 38 жастағы Гүлшат Есмағамбетова  толқынысын жасыра алмайды. Өйткені бұл оның– алғашқы дипломы.  «Адам өлтіру» бабымен жазасын өтеп жатқан келіншектің есебінше биыл бостандыққа шығады.  Болашақта  кондитер цехын ашам деген жоспары бар.  

Гүлшат ЕСМАҒАМБЕТОВА, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Мен бұл жаққа қателесіп келдім,  бұл мекеме менің бүкіл жағымды түзеді десем болады оң жағымнан. Бұрын мамандық алған жоқпын. Қазір таңда болашаққа  деген кондитер оформитель  болашаққа мүмкіндігім мол.  

Осымен 11-інші жыл түзету мекемесі жанындағы колледж  кәсіп игергісі келетін сотталушы келіншектерді жұмысшы мамандықтарына оқытады.  Бастапқыда қызығушылар аз болғанымен, соңғы жылдары мүмкіндікті қалт жібергісі келмейтіндер көп,- дейді колледж директоры.

Орынтай БИМАНОВА, УГ-157\11 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ:

Шаштараз  мамандығын игеруге деген  қызығушылық  өте жоғары . Себебі болашақта  нарық заманына сәйкесті  олар сұраныстың жоғары екенін жақсы біледі. Сондықтан тырнақ әрлейтін, шаштараз  мамандығы, аспаз, тігіншілік мамандықтарға деген көзқарастың жоғарылағанын, қызығушылықтың жоғарылағанын  мен өзім де мақтанышпен айта аламын.  Биыл 110 абитуриентіміз сіздерде оқығымыз келеді деп жатыр.

Мамандық алуға 30-ға таяған жас келіншектер де, 50ден асқан әйелдер де ынталы көрінеді.   Жәй ғана шалбардың балағын қысқартуды үйренсем болды деп келетіндер, көйлек тігуді меңгеріп бір-ақ шығады. Бүгінгі мерекедегі   әдемі киімдер мен шармен көркемдеген  де– сотталушылардың өздері.

Б. Надірқызы