Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

AstanaTV
08.07.2022ж. 20:00
1371
Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Елордада бүгін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.   Оған екі қолға бір күрек таппай жүрген  қала тұрғындары келіп, жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен кездесті. Өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, түйіндемелерін тапсырды. Толығырақ әріптесім Ақбота Базарбай тарқатады.

Ақкербез биыл диплом алған. Мамандығы -наубайшы-кондитер. Бірақ өзі сияқты енді бітірген мамандарға жұмыс табу қиын дейді ол. Айтуынша, кез-келген мекеме жұмыс өтілін талап етеді.

Ақкербез ОСПАНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ал мында жаңа бітірген түлектерге, олардың опыт работылары жоқ, бірақ центр занятости оларды жұмысқа алуда. Бұл мемлекеттің жастарға деген жақсы көмегі деп ойлаймын.  

Қала әкімдігі сондай-ақ, кәсіпкерлерге арналған ашық есік күнін ұйымдастырды. Бұл  жұмыс орындары жәрмеңкесімен тығыз байланысты. Оған жұмыс беруші 64 мекеме қатысты. Олар 2мың бос жұмыс орындарын ұсынды.

Азамат БАЙТАСОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл бос жұмыс жәрмеңкесіне барлық саладағы жұмыс берушілер шақырылған. Оның ішінде айта кетсек, қазмет көрсету саласы, банк қызметкерлері, білім басқармасынан, білім беру саласынан шақырылған барлық саладағы жұмыс берушілеріміз бар. Бос жұмыс жәрмеңкеміз жастарға арналған. Бірақ жұмыссыз үлкен азаматтарымыз келіп, тұрақты жұмыс  іздеп көруге де болады.

Қуантарлығы сол,  бүгінгі жәрмеңкеде талай жас маман өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Енді тек бел шешіп, білек сыбана іске  кірісу керек.  Айта кетейік, мұндай жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.  Жоспар бойынша жыл соңына дейін 10 жәрмеңке  өткізілмек.

А. Базарбай