$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Жамбыл облысында жаңадан салынған су каналы қирап қалған

AstanaTV
18.07.2022ж. 20:00
1800
Жамбыл облысында жаңадан салынған су каналы қирап қалған

Жамбыл облысында жаңадан салынған су каналы қирап қалды. Арықты жағалай егін еккен шаруалар алқабымыз  қурап жатыр деп дабыл қағуда.  «Райыс» каналын жөндеу үшін осыдан 3 жыл бұрын 2 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған.  Диқандардың айтуынша,  сол кезде бұрынғы 4 метр болған ені 2 метрге қысқарыпты.   

Нұрғазы ОМАРҚҰЛОВ, ДИҚАН:

Вообще проект дұрыс емес. Уклон жоқ төбеге қарай. Су көлкиді. Көлкігеннен кейін екі жағына тасиды. Тасығаннан кейін лоток құлайды конечно.

Диқандар шу шығарган жерге аудан әкімі келді.  Ол да канал құрылысындағы кемшіліктерге наразы.

Ерлан ҚЫДЫРАЛЫҰЛЫ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ал енді сол 1 млрд 800 мың теңгеге сапалы, біз 50 жыл пайдаланатындай етіп жасау керекпіз ғой. Өткен 20 жылы бұл жұмыс біту керек еді, біткен жоқ. Биыл 21 жылы да аяқталған жоқ. Кемшіліктер шығып жатыр жоба бойынша.

Ал мердігер  арықтың бір жақ қабырғасының опырылуын сапасыз  құрлыстан емес, суда өсетін шөп балдырмен байланыстырады.  

Асанхан МАМАЖАНОВ, СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
 
Расчет бойынша 2 метр бір де жарым суды жібереді. Расчет жасаған кезде бірақ балдыр өсетеінін бізге ешкім айтпады, осындай болатынын. Сол балдыр өсіп суға кедергі жасап жатыр.

Барлық былықты балдырға жапқан жауапты мердігер кеткен кемшіліктерді сәуір айына дейін жөндейміз дейді. Ал шаруалар оған дейін   еткен еңбегіміз,  төккен теріміз босқа кететін болды деп шырылдайды.   

Б. Жұмабайұлы