$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Біз туралы

Astana TV - ел аумағын 100 % қамтитын республикалық телеарна
«АСТАНА Қ. ТЕЛЕДИДАРЫ» ЖШС

Жалпы ақпарат пен негізгі параметрлер.
Бүгінгі таңда «Астана қ. теледидары» ЖШС өз құрылымында «Астана» телеарнасы мен «Орда FM» радиостанциясынан тұратын және «AMANAT» партиясының ақпараттық холдингіне қарайтын еліміздегі ірі медиа орталықтарының бірі саналады. Телеарна 1993 жылдың 1 наурызынан «Цесна» деген атаумен хабар тарата бастаған. 2000 жылы атауы «Ас.ТВ» деп өзгереді. Ал 2004 жылдың маусым айынан бастап «Астана» арнасы деп аталатын болады. 2012 жылы арна атауы тағы да өзгеріске ұшырап, «AstanaTV» деген жаңа атауға ие болады.
Қазіргі таңда компанияның техникалық тұрғыда жабдықтандырылуы телерадиохабарларын таратудың заманауи талаптарының бәріне сай келеді. «AstanaTV» телеарнасы эфирлік, кабельді және спутникті хабар тарату желілері арқылы ел аумағының бар аймағын қамтиды.

Аймақтық қамтылуы.
Спутникті хабар тарату желісі арқылы Қазақстан Республикасы аймақтарының 100%-ы қамтылса, цифрлы эфирлік тарату бойынша ел аумағының 81,8%-ы, ал эфирлік хабар тарату 51,33% аймақты құрайды.
Көрсетілетін хабарлардың негізгі бағыттары: қоғамдық-саяси, ақпараттық-сараптамалық, танымдық және ойын-сауықтық бағдарламалар, сондай-ақ сапалы кинотуындыларды көрсетуге басымдық береді.

Мақсатты аудитория.
Қазақстан Республикасының 6 жастан жоғары қазақтілді тұрғындары.

Хабар тарату уақыты.
Хабар таратудың орташа уақыты: тәулігіне 23 сағат

Хабар тарату тілі.
«Астана» телеарнасының 88% көрермені қазақтілді. Олардың орташа жасы – 34 жас.

Арнаның нарықтағы үлестік көрсеткіші (2020 қаңтар-тамыз айлары): 
6-54 аудиториясы – 9,3%
6+ kaz аудиториясы – 12,4%
Әйел адамдар үлесі – 53%
Аудитория
6-54
 9,5%
Аудитория
6+ kaz
12,2%
Статистика
56%
әйелдер үлесі