Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Стамбулдағы теракт құрбандары 44 адамға жетті

AstanaTV
12.12.2016ж. 20:00
2306
Стамбулдағы теракт құрбандары 44 адамға жетті

Түркиядағы теракт құрбандарының саны 44 адамға жетті. Олардың 36-сы полицей, 8-і қарапайым адам. 155 адам зардап шеккен. Қазір елде күдіктілерді ұстаудың кең ауқымды операциясы басталып кетті.

Жарылыс футболшылар ойыны өтіп жатқан "Бешикташ" стадионы маңында болды. Алдын ала болжам бойынша, оның бірін жанкешті жасаған, тағы бір миналанған көлік сақшылар автобусына соқтығысқан. Елде бір күндік қаралы күн жарияланды.

Дүрбелеңге орай Түркия президентінің Қазақстанға сапары шегерілді. Реджеп Тайып Ердоған кеше Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі керек еді. Стамбулдағы жарылысқа орай президент қазаға қайғыратынын айтып, көңіл айту жеделхатын жолдаған.