Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Депутат: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Алматыда 600 млн теңге игерілмеді

AstanaTV
12.12.2016ж. 20:00
2777
Депутат: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Алматыда 600 млн теңге игерілмеді

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген мемлекеттік қаржы кей аймақтарда толық игерілмей жатыр. Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасының Астана мен Алматы қалаларында іске асырылу барысы тақыланған Мәжіліс отырысында белгілі болды. Депутат Василий Олейниктің айтуынша, Алматы қаласы бойынша 600 млн теңге игерілмеген. Алайда, әкімдік өкілдері қалған сома жылдың соңына дейін игеріледі деп сендірді.

Василий Олейник,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

Алматы қаласында "Нұрлы жол" бағдарламасының құрылыс объектілері бойынша бөлінген қаржы толық иегірлемген. 90 пайызға игерілген. Кей сұрақтар бойынша сот процесі жүрген. Алматыда 600 млн теңге мақсатты жұмсалмай отыр. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстарда олқылықтар бар. Астанада да кей нысандар бойынша қаражаттың 92 пайызы ғана қолданылды.

Марат Бопазов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша бірнеше жерлерде үй салынған жерлер тоқтап тұр. Неге десеңіз, өздеріңіз білесіздер, «Бәйтерекке» байланысты болып жатқан жағдайлар. Сол тағы біз «Бәйтерекке» берейік деп отырмыз, ұсыныс осы жергілікті өздеріне облысқа, қалаға сол ақшаларды сол үй салынатын ақшаларды жергілікті жерлерге берсін деп.

Айгүл ӘДЕПБАЙ