$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру басталды

AstanaTV
01.04.2016ж. 20:00
2970
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру басталды

Әскери борышын өтеуден бас тартқандар миллионнан аса айыппұл төлеп, тіпті 3 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін. Бүгіннен бастап елдің барлық өңірінде жастарды мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Науқан маусым айына дейін жалғаспақ. 

Бүгін алғашқы күн болса да, Отан алдындағы борышын өтеуге асыққандардың қарасы көп. Қуантарлығы, дәрігерлер жыл сайын болашақ жауынгерлердің денсаулықтары жақсарып келе жатқанын айтады. Орташа есеппен 50 адамның 35-і жарамды болады екен. Десек те, жастар арасында хирургиялық сколиоз, майтабан және көз ауруларына шалдыққандар жиі кездеседі. Тіпті, жастар арасында есірткі тестінен сүрінетіндер де бар екен.

Гүлнәр Бүтінбаева, Астана қаласы Алматы ауданының шақырту медициналық комиссия төрайымы:

Балалар әскерге кететін уақытта наркотекст өткізіледі. Сол наркотестті 150 адам әскерге кетіп бара жатқан сарбаздардың ішінде бір бала әрқашанда шығып отырады. Біз оларды ары қарай наркологиялық диспансерге емделуге жібереміз.

Биылғы жылы Қорғаныс министрлігі әскерге 30 мыңға жуық азаматты шақыртпақ. Көктемгі науқанда оның тең жартысы аттануы керек. Ал осы уақыт ішінде шақыру комиссиясына келуден бас тартып, жасырынғандарды жақсылық күтпейді, дейді әскерилер.

Ғани Артықов, Астана қаласы  ҚР ҚМ қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басқарма бастығы:

Әскерге шақыру комиссиясына, медициналық сараптамадан өтуге келмеген, бас тартқан, болмаса, жалтарып жүрген азаматтардың барлығына еліміздің заңымен 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін бұл 1 миллион 900 мың теңгеден көлімінде айыппұл салынады, болмаса, 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Көктемгі шақырылымға кедергі келтірген жұмыс берушілер де жазаланады. Қандай да бір себептермен қол астында борышын өтеуге міндетті жастағы жұмысшыны комиссияға жібермегені үшін қомақты айыппұл төлейді.

Берік Хасенов, тілші:

Әскерилер болшақта борышын өтейтін ер азаматтарды жиын пункттеріне ертерек келуге шақырады. Себебі медициналық тексерістен алғашқы болып өткендер элиталық әскери бөлімдерге баруға мүмкіндік алады. Ал шақыруды соңғы айларында келгендер денсаулықтары бола тұра, қатардағы қарапайы әскери бөлімдерге баруға мәжбүр болады. Себебі олар өз уақыттарын жіберіп алды.

Берік ХАСЕНОВ