Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ұлттық қордан балаға ақша аударылуы үшін не істеу керек?

AstanaTV
15.12.2023ж. 18:56
685
Ұлттық қордан балаға ақша аударылуы үшін не істеу керек?

Келер жылдан бастап елімізде "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы іске қосылады. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жинақтаушы шотына аударылып отырмақ. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ұлттық қор – балаларға" жобасына 18 жасқа толмаған қазақстандықтар қатыса алады. Егер кәмелет жасына жетпеген бала Қазақстан азаматтығынан бас тартып әрі шетелге көшіп кететін болса, онда оған қаражат аудару тоқтайды.

Бағдарламаға қатысу үшін балаларға есепшот ашу талап етілмейді. Ата-аналар балаларының құжаттарын тасып, мемлекеттік органдардың табалдырығын да тоздырмайды. Себебі арнайы шот автоматты түрде ашылады. Бар болғаны электронды үкімет порталында балаларының ЖСН деректерінің бар болуына көз жеткізіп, оның дұрыс-бұрыстығын тексерген абзал. 2024 жылдан бастап eGov және БЗЖҚ порталдары арқылы шотқа түскен қаржы мөлшері туралы да біліп отыруға болады.

Егер бала қайтыс болса, онда Ұлттық қордан бөлінген төлем оның мұрагеріне (ата-анасы, қамқоршысы немесе басқа да заңды өкілдері) беріледі.

Жыл сайын түсетін төлем доллармен сақталады

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жүйеге туғанынан бастап қатысатын балаларға 18 жылда шамамен 3 мыңнан 4 мың долларға дейін төлем түседі.