Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстан UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді

15.12.2023ж. 20:00
995
Қазақстан UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді

Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Ғалымдардың жұмыс тобы бүгін Шығыс Қазақстан облысының қоғам белсенділерімен кездесті. Олар жиында уақыт белдеуін теңестірудің пайдасы туралы ғылыми дәлелдемелерімен бөлісті. Бір сағат белдеуін енгізу мәселесі қоғам талабынан туындағанын атап өтті. Жұмыс тобы шешім қабылдауда әрбір сала мамандарының пікірі ескерілгенін айтты.

Бауыржан ҚАСЫМОВ, ҚР СИМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл топқа ғылымдарымызды кіргізіп, әр түрлі салалардың сарапшыларын әр түрлі өңірлердің белсенді азаматтарын кіргізіп, осының қорытындысын да есеп пайда болды. Осы есеп құжат ретінде талқыланып, жалпы әр ғылыми сала өздерінің ұсыныстарын жасап, қазақстан республикасында UTC+5 бірыңғай белдеу сағатын белгілеуді ұсынды.

Уақыт белдеуінің теңесуі қазақстандықтар үшін тиімді дейді сарапшылар. Бұл алдымен адам денсаулығына оң әсерін тигізетінін айтады. Экономикалық тұрғыдан да пайдасы орасан деп отыр жұмыс тобының өкілдері. Айта кетейік, түсіндіру жұмыстары басқа өңірлерде де жалғасатын болады.

Аяужан ӘШІМОВА, «ШҚО АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ЗТБ ӨКІЛІ:

Негізі мынау бизнес саласында жүрген азаматтар қолдаймыз экономикалық жағынан тиімді деп айтса, басқа бір азаматтар мұның маңызын түсінбей, ол бізге не керек бір сағат жарығымызды алып қояр сияқты пікірлерін білдірді. Сондықтан дәл қазір бізге сауатты нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін осындай ақпарат өте қажет.