Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«AMANAT» фракциясы 22 заң жобасына бастамашыл болды, - Е.Бейсенбаев

«AMANAT» фракциясы 22 заң жобасына бастамашыл болды, - Е.Бейсенбаев

Өңірлерде «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші форумы өтіп, онда аймақ басшылары есеп берді. Қызылорда облысындағы жиынға «AMANAT» фракциясының жетекшісі, депутат Елнұр Бейсенбаев қатысты.

Сыр өңірінде жергілікті және Мәжілістегі фракция мүшелері арасындағы байланыс жүйелі жолға қойылған. Соның негізінде партияның сайлауалды бағдарламасы нәтижелі жүзеге асырылып келеді. Форумда сөз алған Елнұр Бейсенбаев аймақтағы фракция жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Партияның Мәжілістегі фракциясы есепті кезең ішінде қарқынды жұмыс атқарып қазіргі таңда 22 заң жобасына бастамашыл болды. Бастамашыл дегеніміз яғни, заң жобаларының барлығын біз дайындаймыз. Сондай-ақ, 128 заң жобасы қарастырылды. 40 заңға мемлекет басшысы қол қойды. 58 заң сенатқа жолданды. Оған фракция мүшелері 665 түзету енгізді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев шекара маңындағы аумақтарды дамыту жобалары ерекше басымдыққа ие екенін айтты. Ондағы құрылыс нысандары мен инфрақұрылымды дамыту жобаларына, интернетпен қамтамасыз етуге баса назар аударылаған.Сондай-ақ өңір басшысы басты назарды жылу көздерінің үздіксіз жұмыс істеуіне аударды. Жаз бойы партия мүшелері де жылу маусымына дайындықты ерекше бақылауда ұстаған.

Сайрангүл ЖҰМАДІЛОВА, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жол картасында 96 іс-шара жоспарланған. 96 іс-шараның 47-і орындалды. Қалған 49-ы орындалу үстінде. Жол картасының әрбір іс-шараларында депутаттар бекітілген. Бұл депутаттар осы жол картасының орындалуының басты бақылауда ұстайды. Ең негізгісі облыс әкімі жол картасының орындалуын басты бақылауда ұстап отыр.

Оралдық депутаттар да «АМАNАТ» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындауға ат салысып келеді. Депутаттардың айтуынша, бүгінде партиялық жобалар да халықты кеңінен қамтыған. Осы жобалар арқылы мұқтаж жандар мен балаларға көмек көрсетіліп, біраз мәселе шешімін тапты. Бұл бұқараның партияға сенімін оятып, ортақ іске жұмылдырды, дейді депутаттар.

Мұрат МҰҚАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қоғамдық партиялық бақылау жүйесінің пәрмені артып келеді. Сайлаушыларының аманатын арқалаған партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы басты бақылау нысанына айналды. «Жер аманаты» жобасы аясында 136 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 5 млрд 598 миллион теңгеге 837 несие берілді.

Жамбылда тұрғын үй кезегінде 37 мыңнан астам адам тұр. Оның 16 мыңнан астамы - халықтың әлеуметтік осал топтары. Жыл басынан бері 607,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, тағы 74 үйдің құрылысы қарқын алған.

Нұржан КАЛЕНДЕРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қолайлы өмір сүру жағдайын жасау басты міндеттердің бірі. Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарымен көпбалалы отбасылар үшін 7,6 млрд теңгеге 797 пәтер сатып алу жоспарлап отырмыз, бүгінде 123 пәтер сатып алынды.

Өңірде тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мәселесі де тиянақты түрде жүргізілуде. Жыл соңына дейін 47 нысанның құрылысы аяқталады. 11 елді мекендегі тұрғын үйлер табиғи газға қосылады. Бұл да жыл соңына дейін толығымен аяқталмақ.