$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Елбасы рақымшылық жасау туралы заңға жариялы түрде қол қойды

AstanaTV
13.12.2016ж. 20:00
3188
Елбасы рақымшылық жасау туралы заңға жариялы түрде қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңға жариялы түрде қол қойды. Президент Тәуелсіздік жылдарында мұндай шара 8 рет жасалғанын айтты. Рақымшылық 28 мыңға жуық азаматқа жасалады деп жоспарланып отыр. "Бұл ел Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңындағы маңызды адамгершілік акциясы", - деді Президент. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев түзеу мекемелерінен 1500 адам босатылып, оның 80%-ы пробация қызметінің бақылауында болатынын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қымбатты отандастар, мен бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, рақымшылық жасау туралы заңға жариялы түрде қол қойғалы отырмын. Рақымшылық жасау, кешірім ету, құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан зор маңызы бар шара болып табылады. Халқымызда кеңшілік жасаған таршылық көрмес деген қанатты сөз бар. Қадамын шалыс басып, заң бұзған адамды кешіру - адамгершілік пен мейірімділіктің көрінісі.