$457.09 €508.42 ₽5.67

СІМ: Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

29.10.2026ж. 02:07
СІМ: Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Фото: REUTERS/Susana Vera

Испаниядағы пойыз апатында зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы әлі де анықталып жатыр, деп хабарлайды Astana TV. 

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Испаниядағы теміржол апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. СІМ деректерді тексеруді жалғастыруда», – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, Испанияда жылдам жүретін екі пойыз соқтығысып, кемінде 46 адам қаза тапты.