$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«АMANAT» партиясының мүшелері полицейлермен бірге рейдке шықты

15.12.2023ж. 20:00
657
«АMANAT» партиясының мүшелері полицейлермен бірге рейдке шықты

Петропавлда «АMANAT» партиясының мүшелері рейдке шықты. «Қауіпсіз қоғам» науқаны аясында қалада профилактикалық жұмыс жүргізілді. Полицейлер тіркеуде тұрған отбасыларды тексерді. Құзырлылар ішімдік тұтынатындардың үйінде келеңсіз оқиға жиі болатынын айтып, қандай да бір оқиға орын алса бірден жауаптыларға хабарлауды сұрады.

Бұдан бөлек, полицейлер компьютер клубтары мен ойын-сауық орталықтарын тексерді. «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері құзырлылармен бірігіп, кәмелетке толмағандарға 10-нан кейін жалғыз жүруге болмайтынын ескертті. Тексеру жұмыстарының мақсаты - құқық бұзушылықтардың санын азайту.

Біржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «АMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Мұндай рейдтер күн сайын өткізіледі. Қала аумағында 30-ға жуық құқықбұзушылық анықталды. Ал облыс бойынша 100-ден аса жағдай тіркелген.