Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шымкентте аялдамада ер адамның талмасы ұстап қалды

AstanaTV
15.12.2023ж. 22:33
604
Шымкентте аялдамада ер адамның талмасы ұстап қалды

Қала көшелерінде тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері автобус аялдамаларының бірінде құлап, дірілдеп жатқан адамды байқаған, - деп хабарлайды polisia.kz.

Полицейлер жедел әрекет етіп, оны бір жағымен жатқызып, басына сырт киімін қойды. Бірнеше секундтан кейін ер адамның ұстамасы тоқтады. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Осылайша, құқық қорғаушылар жедел және үйлесімді әрекеттің арқасында тағы бір адамның өмірін сақтап қалды. Оларға құтқарылған тұрғынның туыстары шын жүректен ризашылығын білдірді.