Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Түркістан облысының Түлкібас ауданында төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
15.12.2023ж. 23:15
541
Түркістан облысының Түлкібас ауданында төтенше жағдай жарияланды

Түлкібас ауданы әкімінің №11 шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Kazinform.

Түркістан облысының көп бөлігінде, әсіресе, таулы аудандарда қарлы бұрқасын болып жатыр.

Ауа райының нашарлауына байланысты қатты жел мен боран салдарынан республикалық жолда 3 бекет және облыстық жолдарда 22 бекет қойылған.

«Қазір облыстық маңызы бар автожолдарда көлік кептелісі жоқ. Жолда қалған жолаушылар «Тома» кафесінде, «Шақпақ ата» мешітінде және «Евроском» мекемесінің жылыту пунктіне орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етіліп жатыр. Аталған көліктер мен адамдар Қарақшы асуы мен Састөбе елді мекені қиылысына дейін және Жамбыл облысы шекарасына дейін жол тазаланып, ашылған кезде ғана шығады. Түлкібас ауданы әкімінің №11 шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды», -делінген Түркістан облысы ТЖД ұсынған ақпаратта.