Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Асланбек Шымбергенов мексикалық кәсіби боксшыдан нокаутпен жеңілді

AstanaTV
16.12.2023ж. 00:16
648
Асланбек Шымбергенов мексикалық кәсіби боксшыдан нокаутпен жеңілді

Астанада өтіп жатқан бокстан "Чемпиондар түні" турнирінде Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қазақстан командасының үздігі Асланбек мексикалық Хосе Мигель Боррегмен кездескен болатын.

Жекпе-жектің төртінші раунды аяқталар тұста мексикалық боксшы Асланбекті есеңгіретіп тастады.

Осы кезде бас бапкер Мырзағали Айтжанов ортаға орамал тастап, Шымбергеновтің кездесуін тоқтатты.

Ал бұған дейін Махмұд Сабырхан кубалық боксшыны, Санжар Ташкенбай өзбекстандық боксшыны жеңді.