Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтауда экс-прокурор төбелес шығарып, арты кісі өлімімен аяқталды

AstanaTV
15.12.2023ж. 23:44
642
Ақтауда экс-прокурор төбелес шығарып, арты кісі өлімімен аяқталды

Ақтаудағы барлардың бірінде экс-прокурор төбелес шығарып, арты кісі өлімімен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, жанжал 10 желтоқсанда Ақтаудағы барлардың бірінде болған. Артынан төбелес шығып, жарақат алған ер адам 15 желтоқсан күні ауруханада көз жұмды. Күдікті ретінде бұған дейін прокуратурада жұмыс істеген ер адам қамауға алынды.

Күдіктіге қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айып тағылды.

"Соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауда", – делінген прокуратура хабарламасында.