Бүгін
БҰҰ-ның жаңадан сайланған Бас хатшысы ант берді. 1 қаңтардан бастап ол
қызметіне ресми кіріседі. Бұл жөнінде Рейтерс хабарлайды. Құзіретіндегі
шаруалар аз емес, тіпті Сирия қақтығысын реттеу де Гуттериштің мойнына
артылады. Бас хатшының өзі "алда талай өзгеріс болады, ұйым оларға дайын
болуы керек" деп отыр.
Еске салсақ, БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 13 қазан күні
Португалияның экс-премьер-министрі Антониу Гуттеришті дүниежүзілік ұйымның Бас
хатшысы етіп сайлаған. Португалиялық саясаткер БҰҰ-ын 2021 жылдың соңына дейін
басқарады деп жоспарланған.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА